Ұлттық банк жаңа шыққан 10 мыңдық банкноттың түпнұсқа екенін қалай тексеруге болатынын көрсетті

728

0

Сурет: видеодан скриншот

2023 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Ұлттық банкі номиналы 10 мың теңгелік мерейтойлық банкноттың қорғаныш элементтері жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банк мерейтойлық банкнот теңгенің 30 жылдығына арналғанын еске салды.

Ұлттық банк 10 000 теңгелік банкноттың түпнұсқа екенін қалай тексеруге болатынын түсіндірді:

монета түріндегі жарқыраған Елтаңба бейнесі;

жаңа үш облыс атауларының бірінші әріптерінің жасырын бейнесі;

теңге белгісі және 10 мың санының сутамғы белгісі;

жанасудан жақсы сезілетін шығыңқы элементтер;

терезедегі түсі өзгермелі теңге сұлбасы;

теңге белгісі түріндегі түсі өзгеретін спрак элементі;

жоғарф 3Д динамикалық әсері бар түсін өзгертетін қорғаныш жіп;

ультракүлгін сәуледегі монета және нөмір бейнесі.

2023 жылдың 15 қарашасында Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге 30 жыл толды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<