Ұлттық домбыра күні: Астанада өткен бірегей мәдени шараға 20000-нан астам қонақ жиналды

275

0

6 шілде күні Астананың жүрегінде, Атырау көпірінде Ұлттық домбыра күніне арналғанауқымды мәдени шара өтті. 
Бұл оқиға дәстүр мен заманауилықты, дыбыс пен бейнені, жады мен шабытты тоғыстырды. Ол қазақ халқының ұлттық мұрасына және рухани символына деген құрметтің көрінісі болды.

Мемлекет басшысы биыл елорда күні менҰлттық домбыра күні тұспа-тұс келгенін атап өтіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды: «Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақемес, нағыз қазақ – домбыра» деп бекер айтылмаған. Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға дегенықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді тереңтүсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздыңмәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Отанғасүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы».

Ресми деректерге сәйкес, шараға 20 000-нан астам қала тұрғындары мен қонақтар қатысты. Бұл — қазақстандықтардың өз тарихы мен мәдени мұрасына деген шынайы құрметінің айғағы. Көпшілік қатысуы мен көрермендердің белсенділігі шараның басты жетістіктерінің бірі болды.

Мерекенің негізгі назарын өзіне аударған — домбыра пішініндегі ерекше арт-инсталляция. Бұлжай ғана сәндік элемент емес, инсталляция ішіне кірген қонақтар «Алтын қордан» алынған аңызға айналған күйлерді естіп, ерекше дыбыстық атмосфераға енді. Жұмсақ жарық пен акустика арқылы бабалардың үнін естігендей әсер қалдырды.

Іс-шара бағдарламасы келесі бағыттарды қамтыды:

• Күйші мен серілер шеруі: Құрманғазы, ДинаНұрпейісова, Ақан сері сынды тұлғалардыңобразындағы әртістер көпір бойымен жүріп, қонақтармен тілдесті. Бұл шеру ұрпақтарарасындағы бейресми диалогқа айналды.

• Домбыра шеберханасы: Балалар мен жасөспірімдердомбыра тартуды үйреніп, ғасырлар бойы ұрпақтанұрпаққа жеткен өнермен танысты.

• Интерактивті аймақтар: «Күйді тап», домбыра-пазл жинау, викториналар мен музыкалық ойындарсынды белсенділіктер кез келген адамға шарағаатсалысуға мүмкіндік берді.

Ұлттық домбыра күні: Астанада өткен бірегей мәдени шараға 20000-нан астам қонақ жиналды

• «Желмен жеткен үн» инсталляциясы: Күйлердіңатаулары мен күйшілердің есімдері жазылғанленталар ерекше көркем экспозицияны құрады.

• Ұлы домбырашылар архиві (ЖИ арқылы): Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиевжәне басқа да тұлғалардың образдары жасандыинтеллект көмегімен LED экранда қайта жанданды. Бұл — жаңа технологиялар арқылы тарихи мұранысақтау мен насихаттаудың нақты үлгісі.

• «100 кітап» жобасы»: Домбыраға арналғанэлектронды кітап көрмесі.• Домбыра кино: Аспан астында, қазақ ауылыстилінде ұйымдастырылған киноаймақтакөрермендер қазақ музыкасына арналғанфильмдерді тамашалады.

• Мерекелік концерт: Амфитеатр сахнасы күй менхалық әндеріне толып, ғасырлар бойғы музыкалықдәстүрді қайта тірілтті.

Мұндай форматтағы іс-шара Астанада алғаш ретөткізілді. Ежелгі дәстүрлер мен заманауитехнологиялардың тоғысуы — мәдени мұраныңсандық дәуірде де өміршең әрі өзекті бола алатынынкөрсетті. 

Шараны ұйымдастырған — Астана қаласыныңмәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы. Бұл — мемлекет тарапынан қазақ мәдениетін сақтау мендәріптеуге жасалған нақты қолдау.

Бұл мереке нағыз кешегі мен ертеңнің арасындағыкөпірге айналды. Дәстүрлі өнер мен заманауилықтың ұштасуы әрбір адамға өз түп-тамырымен қауышуға мүмкіндік берді.