Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігіне бір аптаның ішінде ұлттық карго-тасымалдаушының қызметін жетілдіретін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Көлік министрлігіне «Самұрық-Қазына» қорымен бірге бір апта мерзімде жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу және ұлттық карго-тасымалдаушының алдағы қызметі жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын, – деді ол.
Олжас Бектенов Көлік және Энергетика министрліктеріне «Қазмұнайгаз» компаниясымен бірге авиаотын бағасын реттеуді тапсырды.
Теміржол саласында биыл «Қызылжар – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», «Алтынкөл – Жетіген» және «Жезқазған – Сексеуіл» жобаларын аяқтау қажет, – деді Премьер-министр.
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру туралы тапсырмасы дұрыс орындалмай жатқанын айтып, Үкіметтің шешімін сынаған.






