Ұлттық киім – ұлт келбеті

91

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні ретінде белгіленді.

Осыған орай, Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінде Ұлттық киім күніне орай ата-аналар мен мектеп оқушыларының қатысуымен «Ұлттық киім – халық мұрасы» атты фестиваль өтті. Дүрия көйлек киінген, қыпша беліне күміс белдік түйінген, камшат бөрік басында, қара қас айдай киілген, сылдырмақ шолпы тағынған, қызыл қамзол жамылған аналарымыз бен қыздарымыз, үкілі домбыра өңгерген, құндыз бөрік, ер жүзіне өң берген, ата салттан аспаған, аталы сөзге тоқтаған, әрі батыр, әрі мәрт, қазақтың сері әкелері, аталары мен жігіттері, барлығы 20 отбасы қатысты. Бұл шарада отбасылар ұлттық киімге деген ерекше ықыластарын көрсетіп, креативті және көз тартатын үлгілерді ұсынды. Қазақтың бай мәдениетін дәріптеген киімдер көрермендерді тәнті етті.

Фестиваль қорытындысы бойынша отбасылар арасындағы ең ерекше әрі көркем ұлттық киім үлгілері үшін қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Бұл марапат олардың ұлттық мұраға деген құрметі мен шығармашылық талғамын жоғары бағалау мақсатында берілді. Шара көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға зор үлес қосты.

Осындай игі шаралар арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына ата – баба дәстүріне деген құрметті сіңіру – бәріміздің ортақ міндетіміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<