Ұлттық киім – ұрпаққа мұра

1100

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.

Осыған орай, Наурызнама мерекесіне арналған онкүндік шеңберіндегі «Ұлттық киім» күні білім қызметкерлері игі іс-шаралар өткізіп, ұлттық киімдерді дәріптеді.

Ұлттық киім – ұрпаққа мұра

Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.

Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп-тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген.

Ұлттық киім – ұрпаққа мұра

Сондықтан дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді кейінгі толқынға насихаттауданың маңызы зор.

Сырдария ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<