Ұлттық мерекеге арналған салтанатты шара

530

0

Бүгін ұлттық мереке – Республика күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Мәңгілік жаса, Қазақстаным» атты салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде сахнаға енгізілген соң Мемлекеттік Гимн орындалды. Мұнан соң мемлекеттік қызметке қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер елге адал қызмет етуге ант берді.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Димаш Байдушев көпшілікті Республика күнімен құттықтады.

Ұлттық мерекеге арналған салтанатты шара

– Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміздің басы – Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануымен тығыз байланысты. Декларация қабылданғаннан кейін барып еліміз өз егемендігін жариялап, дербес мемлекет ретінде мойындалды. Ал, бүгінде егемен еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, саяси реформалардың орындалуының арқасында жаңа кезеңге қадам басты. Баршаңызды ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді Димаш Серікбайұлы.

Мерейлі мерекеде ауданның дамуына қызмет етіп жүрген бітқатар азамат облыс және аудан әкімінің, «Халықаралық қазақ тілі» ҚБ облыстық филиал төрағасының Алғысымен марапатталды.

Салтанатты іс-шарада ауданның көркемөнерпаздары патриоттық әндерді орындап, концерттік бағдарлама ұсынды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<