«Ұлттық мұра»: Садақ атудан ашық чемпионат өтті

395

0

Фото: Аманат партиясы

«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Жастар Рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы және «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі садақ ату ұлттық спорт түрінен ашық чемпионат өтті.

Сайыстың мақсаты – жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау, патриот сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қала жастары арасында өткізілген сайысқа ЖОО және ТжКБ ұйымдарынан 33 команда қатысты. Әр топта 1 қыз бала, 1 ер бала өз шеберліктерін ортаға салды.

Сайыстың қорытындысы бойынша М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжінің студенттері Асылбекұлы Рахат пен Ұлты Қалкөз І орынға, Ибаділда Алпамыс, Қайратова Сабина ІІ орынға ие болса, ІІІ орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері Сәйдік Мақсат пен Әлімханова Айсұлу иемденді.

Ашық чемпионат «RUH» садақ ату клубында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Садақ ату клубының жетекшісі Есенбек Ринат сайыстың өтуіне қолдау көрсетті.

«Садақ атуға кішкентай кезімнен бері қызығамын. Бұл спорт түрі маған ерекше сезім сыйлайды. Болашақта кәсіби түрде айналысуды көздеп отырмын. Жарысқа қатысушылардың барлығы дайындықпен келген. Бүгінгі сайыста жеңіске жеткенімен қуаныштымын», – деді сайысқа қатысушы Р.Асылбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<