Бүгін Қайырымдылық керуені апталығы аясында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ерекше жандар арасында ұлттық ойындардан сайыс өтті.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2022/05/assssss-1024x461.jpg)
Қалалық жастар ресурстық орталығының алаңына жиналған сайыскерлерге «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Айбек Дайрабай, «BIALI» спорт дүкенінің басшысы Асхат Шәукенбаев, облыстық волонтерлар фронт-офисінің жетекшісі Болатбек Айтбенбетов сәттілік тіледі.
Қатысушылар командалық топқа бөлініп, гір тасын көтеру, арқан тартыс, садақ ату, асық ату, қол күресі, теңге ілу секілді ұлттық ойын түрлерінен бақ сынасты.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2022/05/assssssss-1024x461.jpg)
Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмады. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<