Ұлттық пошта операторы мен Visa Қазпошта клиенттеріне 10% кешбэк береді

1274

0

«Қазпошта» АҚ мен Visa халықаралық төлем жүйесі VISA Kazpost карталарын ұстаушылар үшін бірлескен акцияны іске қосты. 2022 жылдың 20 мамырынан 20 тамызына дейінгі кезеңде карталар бойынша транзакциялар үшін оларға жоғары кешбэк – 10% есептеледі.

Кез келген Visa Kazpost – Aliexpress, Visa Gold, Әлеуметтік – карталарын ұстаушы,  «киім» санатында сатып алу арқылы 10% көлемінде кешбэк алады. Kazpost Aliexpress және Kazpost Virtual төлем карталарын пайдаланушылар AliExpress сайтында онлайн сатып алу кезінде 10% кешбэк алады.

«Kazpost Virtual картасын https://post.kz/bank/new/3 сілтеме бойынша сайтта өтінім толтырып, лезде шығаруға болады. Карта тегін шығарылады, оған ақысыз қызмет көрсетіледі. Виртуалды картаға басқа интернет-дүкендер желісінде жасалған қолма – қол ақшасыз сауда сомасының 2% кешбэк есептеледі. Kazpost AliExpress төлем картасы – классикалық банк өнімі. Картаны шығаруға және ақысыз жеткізуге онлайн режимінде тапсырыс беруге болады. Kazpost AliExpress 3D Secure және PayPal арқылы сатып алулардың қауіпсіз төлемін қамтамасыз етеді», – деп түсіндірді «Қазпошта» АҚ қаржылық қызметтерді сату департаментінің директоры Алина Джанкулова.

Науқан кезінде Sulpak дүкендерінде номиналы 10 000, 15 000 және 50 000 теңге ақшалай сертификаттар ойнатуды өткізу жоспарланған.

Қатысу шарттары:

– Қазпошта @kazpost ресми парақшасына жазылу,

– Байқау постының астында Қазпошта @kazpost ресми парақшасында үш досты атап өту қажет,

– Жеңімпаздар ұтыс ойыны аяқталғаннан кейін кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады.

Науқан ережелері туралы Қазпошта сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде толығырақ білуге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<