Ұлттық құндылықтарды ерекше жаңғыртқан Қазалыдағы білім ордасы

557

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұлттық құндылықтарымызды балаларға дұрыс дәріптеуде білім беру ұйымдарының жұмысы аса маңызды. Бұл ретте Қазалыдағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі «Құндылыққа негізделген тәрбие беру үдерін модельдеу» жобасын қолға алып, оқушыларды патриотизмге баулуды мақсат етуде.

Тың жобаның нәтижесінде білім алушылар ұлттық құндылықтарды қазіргі заманға сай икемдеп, тұлғалық қабілеттері терең дамыған дарынды оқушылар көбеюде. Бұл білім ордасының тағы бір ерекшелігі, іргетасы қаланғанына ғасырға жуық уақыт болса да әлі күнге дейін маңыздылығын жоймаған. Ғани Мұратбаевтың ізі қалған білім ордасы кішігірім музей ретінде қымбат мұрасын сақтап, оқушылардың сапалы білім алуына үлкен басымдық беруде. Аталған білім ордасының негізгі жұмысымен таныс болған БАҚ өкілдері мектеп ауласындағы Ғанибай керуені туралы тарихи көрініске куә болып, оқушылар жасаған ерекше дүниелерге қанық болды.

Ұлттық құндылықтарды ерекше жаңғыртқан Қазалыдағы білім ордасы

– Біздің мектеп 1958 жылдардың басына дейін көрнекті қайраткер В.И.Молотов атымен аталса, ал 1959 жылдан бастап мектеп шығыс жастарының жалынды жетекшісі, жерлесіміз Ғани Мұратбаевтың есімімен аталды. Қазіргі таңда бізде 485 оқушы білім алады. Сондай-ақ, 74 мұғалім қызмет жасайды. Балалардың жан-жақты дамуы үшін мектепішілік шығармашылық топ «Шеберлер», «Шыңдалу», «Жетілу» жобаларын тұрақты жүргізіп келеді. Бұдан бөлек, заманауи технологияларды игеру мақсатында біздің мектепте арнайы кабинеттер жасақталған. Оқушыларымыз республикалық және облыстық, аудандық білім додаларында жеңімпаз атанып жүр, – деді мектеп директоры Эльмира Сматуллаева.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<