Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Ұлттық Құрылтайдың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарды қабылдады. Қабылдауда еліміз үшін маңызды шешімдер қабылданған алқалы жиынның Сыр өңірінде өтуінің маңыздылығына тоқталды.
«Ұлттық Құрылтайдың ұйымдастыру жұмыстарына ауданымыздан бірқатар қызметкерлер белсене атсалысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне сүбелі үлес қосты. Аталған маңызды жиынды өткізуге ерекше еңбек сіңірген азаматтарға аймақ басшысының атынан және өз атымнан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін. Қазақта «Бірлігі бекем елдің – болашағы жарқын» деген дана сөз бар. Сондықтан алдағы уақытта да береке-бірлігімізді сақтап, аймағымыздың өсіп-өркендеуіне, ортақ мақсаттарға жету жолында бірлесе еңбек етеміз деп сенемін. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін», – деді А.Ибраимов.
Жиын барысында аудан әкімі Ұлттық Құрылтайдың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






