Ұлы Даладан Анадолыға дейін

4

0

Фото: Облыс әкімдігі

Ыстанбұл қаласындағы Түрік және ислам өнері музейінде «Оғыз феномені: Ұлы Даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық конференция және көрме өтті.

Мазмұнды әрі тағылымды шараны Қызылорда облысы әкімдігінің, ТҮРК­СОЙ халықаралық ұйымының қол­да­­уымен ҚР Ұлттық музейі және Қы­зылорда облыстық тарихи-өлкетану му­зейі бірлесіп ұйымдастырды.

Негізгі мақсаты – оғыз мұрасы не­гізінде Ұлы Дала мен Анадолы ара­сын­­дағы тарихи-мәдени сабақтастықты айқындау, түркі әлемінің ортақ құн­ды­лықтарын зерделеу және ғылыми ынты­мақтастықты дамыту.

Конференция Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемовтің алғысө­зімен ашылды. Оған Қазақстан Респуб­ликасының Түркиядағы Бас консулы Аманқұл Нұриддинов, Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, Түр­кия­ның Мәдениет және туризм министр­лігінің департамент директоры Бироль Инджеджикоз, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыста қатысушылар оғыз тайпаларының шығу тегі мен та­рихи рөлі, олардың қазіргі түркі өр­ке­­ниетіне ықпалы, Анадолы аума­ғындағы археологиялық зерттеулер, Сыр­да­рия­ның төменгі ағысындағы ортаға­сырлық қалалардың урбанизациялық үдерістері жөнінде мазмұнды баяндамаларын ұсын­ды. Жаңа археологиялық деректер мен музейлік тәжірибелер кеңінен тал­қы­ланып, мамандар өзара пікір алмасты.

Жиыннан кейін көрменің салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Оны Руслан Рүстемов, Аманқұл Нұриддинов, Берік Әбдіғалиұлы және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев аралап шықты. Шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Түркия мемлекетінің және ТҮРКСОЙ ұйы­мының өкілдеріне облыс әкімінің Алғыс хаты, Сыр өңірінің бренді – кү­ріштен салынған картина табысталды.

Сонымен бірге, Сырдың дәстүрлі жыр-термелері орындалып, қобыз сазы арқылы ұлттық рухани мұра кеңінен насихатталды. Көрме экспозициясында оғыз дәуіріне тиесілі бірегей архео­ло­гиялық жәдігерлер көпшілік назары­на ұсынылып, сол арқылы түркі халық­та­рының ортақ тарихи-мәдени мұрасы жан-жақты таныстырылды.

Қазақ даласындағы түркі халық­та­рына ортақ рухани құндылықтарды бір тамырдан нәр алған туысқан түркі бауырлармен бірге дәріптеудің маңызы зор. Қызылорда облысының әкімдігі Сыр бойындағы оғыз мәдениетін ғы­лыми зерделеуде қарқынды жұмыстар жүргізіп келеді. Соңғы үш жыл бойы ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп Елорда төрінде бірнеше халықаралық көрме, конференциялар өткізілді.

Енді осы мәдени шаралардың ау­қымы кеңейіп, Ұлы Даладағы оғыз мә­­­дениетінің тарихи сабақтас­тығын зер­­делеуге бағытталған халық­ара­лық кон­ференция мен көрме ұйымдас­ты­рылды. Тарихы ортақ халықтардың ке­лешегі үшін мұндай шараларды бірлесіп өткізудің идеялық мазмұны айрықша және ол екі ел арасындағы ортақ тың жобаларға жол ашары айқын.

«СБ» ақпарат