«Ұлымның аутист екенін оқырманымнан білдім»: Қалаулым қатысушысы баласының сырқаты туралы айтты (ВИДЕО)

377

0

Фото: жеке мұрағатынан

Ұлым теледидарды теріс айналдырып отырып көреді дейді. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Бір болайық» бағдарламасының жүргізушісі Камила Саян алғаш рет баласының диагнозы туралы жан сырын ақтарды. Блогердің тұңғышынан аутизмдік спектр бұзылуы анықталған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Атышулы жобаның қатысушысы кейіннен жүргізушісі болған Камила Саян отбасылық өмірі туралы «Мамский әңгіме» подкастында сыр шертті. Желі жұлдызы ұлының диагнозы туралы оқырмандарынан білгенін жасырмады. Сөзінше, көпшілік оған баласын дәрігерлерге қаратып, тексерту керектігін жазған.

«Тұңғыш баламның ерекше диагнозы бар. Бұрын құпия ұстап, ол туралы айтпауға тырысатын едім. Баламның аутизмдік спектр бұзылуы бар. Екінші баламды босанғанда бірінші баламды ойладым. Көп көңіл бөле алмадым. Қазір көбіне әкесімен жүреді. Балаға ана керек екен. Жасы 4-тен асты, әлі сөйлемейді. Емші мен тәуіпке де апардық. Түрлі массажға да жаздырдым. Бір жарым жасында ерекшелігін байқадық. Бірақ оны өзім сезгем жоқ. Маған оқырмандарым жаза бастады. «Балаңызды тексертіңіз» деп жазды. Ұлым теледидарды теріс айналдырып отырып көреді. Оны біз күліп, жеке парақшамызға салатын едік. Оған дейін баланы тексерту керек деген хаттарды оқып жүрсем де, мән бермегенмін. Бір оқырманым «балаң аутист» деді. Сол хаттан кейін зерттей бастадым. Интернеттен қарап, оқығанда шошыдым. Мұның ауру емес екенін кейін білдік қой. Бірақ басында қорқынышты болды. Невропотологқа апарғанда бәрі жақсы, қорқынышты ештеңе жоқ деді. Бірақ сонда да өзім ақпарат іздей бастадым. Жүрегім тыныштық таппады. Үйдегілер сөйлеп кетеді деп күтті. Бірақ мен оған сеніп, бейқам жүргім келмеді. Бұрын ұлымды көп салатын едім. Қазір азайттым, емінен нәтиже көргенде бәрін бастан-аяқ айтып беремін», – деді Камила Саян.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<