Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі әз-Наурыз мерекесін атап өтті. Мерекелік шарада оқушылар, ата-аналар және ұстаздар Ұлыстың ұлы күнін ұлықтап, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртты.
Шаңырақ мүшелері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ халқының өмір сүру құндылықтарын сипаттайтын дәстүрлерді көпшілікке таныстырды. Оқушылар ата-аналарымен бала өмірге келген күннен бастап ер жеткен шағына дейін күнделікті тіршілікте қолданылатын рухани-өнегелік іс-әрекеттерді бірге зерттеп, ұмыт болып бара жатқан сан ғасырлық мұраны насихаттады.
Мерекелік сахнада сүйінші, тұсау кесу, бесік той, тамыр болу, бата беру, секілді салт-дәстүрлер сахналанып, қазақ халқының ұлттық музыкасы шырқалды.
Шарада сондай-ақ, бауырсақ пен көже Party ұйымдастырылды. Белсенді ата-аналардың бір тобы асқан шеберлік танытып, 100 келі қамыр жайып, бауырсақ пісірсе, басқалары қазан-ошақта ет асып, жеті түрлі дән мен ақтан 200 литр наурыз көже әзірледі.
Ырыс пен молшылықтың белгісіне айналған ұлыс дәмі ыстықтай той-думан келушілеріне үйлестірілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<