Ұлытау облысында патронат ата-ана 4 балаға құл ретінде мал баққызып келген

898

0

Фото: Мақсат Шағырбай/ Kazinform

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Сенатта өтіп жатқан дөңгелек үстелде патронаттық тәрбиеге алынған балалардың жағдайын қадағалайтын органдардың жұмысын сынады.

«Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметіне де қатысты мәселелер бар», – деген комитет басшысы ол сөзіне нақты мысал келтірді.

«Биылдың өзінде Ұлытау облысының қыстауында Жезқазған қаласынан 30 шақырым жерде зорлық-зомбылық пен жаза қолдану арқылы балаларға мал баққызу фактісі анықталды. Бұл балалар 2018 жылдың қаңтарына дейін қиын өмірлік жағдайдағы қолдау орталығында болған. Оларды патронат ата-аналар алып кеткен. Жалпы айтқанда, 4 баланы алып кетіп, оларға құл ретінде мал бақтырып отырған ғой. Оған ешкім қарамаған. Балалар патронаттық тәрбиеде болған 6 жылдың ішінде бұл отбасыны қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдері тексермеген. Бұл ретте патронат баланы тәрбиелеу мен күтіп бағуды бақылауды қорғаншылық және қамқоршылық органдары 6 айда кемінде бір рет тексеру керек еді. Бұл Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне бақылау жоқтығын көрсетеді», – деді Қайсар Сұлтанбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<