Ұмытылмас есім

5

0

Фото: egemen.kz

«Бердібек Сапарбаевтың феномені қандай?» деген сұраққа мен былай деп жауап берер едім. Бердібек Машбек­ұлының бойында біріншіден, мемлекетшіл, ұлтжанды, білімді, қара­пайымдылық қасиеттерін айтуға болады.

Соған қарамастан талапшылдығы да бар еді. Мен бұл қасиеттерін бірге қызмет жасаған уақыттары байқадым. Ол кісі тек талапшыл басшы емес, сонымен бірге адаммен жақсы сөйлесе алатын, әрбір жанды түсіне алатын қарапайым азамат болатын. Осындай біліктілігінің арқасында 95-ші жылдардың аяғында экономикасы құлдырап тұрған Қы­зылорда облысына келіп, 1-2 жылда жақсы деңгейге көтерді.

Мемлекет басшылары қай аймақта қиын мәселе болса, сол жерге жіберетін. Ол кісі бес аймақты басқарды, қазіргі кезеңмен салыстырғанда жеті аймақ десе де болады. Сол облыстардағы ел-ха­лықтың тұрмыстық жағдайын көтере білді. Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, ризашылығын алды.

Қызмет ауыс­тырған кездері жұртшылық қимас­тықпен шығарып салатын. Сондай қа­сиет­терінің арқасында мемлекеттен де лайықты бағасын алды. Дегенмен, Бекең­нің еліне бергенінен берері көп еді. Әттең, уақыт бір орнында тұрмайды. Оның соңында өнегелі ісі, елінің ал­ғаусыз ризашылығы, еңбегінің үлгісі қалды. Сондықтан арда азаматтың елі барда есімі ешуақытта ұмытылмайды деп ойлаймын.

Бекмырза ЕЛАМАНОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері