Университет аруы анықталды

399

0

Университет аруы анықталды Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде   «Университет аруы-2019» атты байқау өтті. Сайыста білімі мен сымбаты келіскен 13 ару бақ сынасты.
Сыннан сүрінбей өтіп, көрермен көңілінен шыққан аруларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, тәж иеленді.
Жүлделі ІІІ орынды «Екі шетел тілі» мамандығының 1-ші курс студенті Аружан Алпароваға бұйырса, ІІ орын «Музыкалық білім беру» мамандығының Нұржайна Жұматай еншіледі. І орынды  «Екі шетел тілі» мамандығының 1-ші курс студенті Балжан Абдикаримова иеленді. Жеңімпаз болған «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 1-ші курс студенті Нұрайым Қабден.
Мұнымен қоса, әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілінен шыққан ару Айдана Қыпшақбай «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленсе, дизайн мамандығының 1-ші курс студенті Әсем Мусахан «Қыз Жібек аруы» атанды. Сайысқа қатысқан барлық аруларға «Мейірімді ару» «Нәзік ару» сынды бойларындағы қасиеттері мен қабілеттеріне қарай номинациялар табысталды.
Айта кету керек, бұл байқауға облысымызға белгілі 70-ке жуық кәсіпкерлер демеушілік жасаған. Олар: киім, әшекей бұйым, тәттілер, косметика дүкендері, сұлулық салондары,  спорттық орталықтар және фото-видео студия сынды кәсіп иелері. Сонымен қатар демеушілер аруларға өздерінің жеңілдіктері мен сыйларын ұсынды. Бас жүлде және бірінші орынға «Ақмешіт» мәдени-сауықтыру орталығы атынан сертификат берілді.
Байқауды ұйымдастырушы «Қыз Жібек» қыздар ұйымының тыңғылықты жұмысы мен еңбектерінің арқасында жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілінен шықты.
МӘДИНА ЖҰМАДІЛДАЕВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<