«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»

5

0

Кеше «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдары, аумақтық департамент, басқарма басшыларының, зиялы қауым, ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сала мамандарының қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кеңейтілген мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы білім саласында атқарылған жұмыстарға, ұрпақ тәрбиесіндегі ауқымды міндеттерге тоқталды.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемел­ұлы: «Тәртіп жалпыға ортақ құн­дылыққа, ал заңға бағыну әркімнің өмір салтына айналуы тиіс. Ол үшін өскелең ұрпақтың бойына осы бастан жасампаздық қасиеттерді сіңіріп, оларды тәртіпке баулу қажет», – деп, балалар­ға терең әрі тағылымды тәрбие берудің маңыз­дылығын атап өтті.

Бұл тұрғыда қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, балалардың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғау – баршамыздың міндетіміз. Сәт сайын өзгеріп, көз ілеспес жылдамдықпен дамуға бет алған бүгінгідей дәуірде рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбие өзегінен ажырап қалмау керек. Бұл – маңызды мәселе!

Біздің ең бірінші міндетіміз – бала­ларымыздың жан-жақты, сапалы білім және саналы тәрбие алуына қолайлы жағ­дай жасап, жайлы орта қалыптастыру.

Аймағымыздың білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн 159 млрд теңге бөлінді. 2022 жылдан бері 42 заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді. «Келешек мектеп­тері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынып, ел игілігіне табыс­талды. 2023 жылдан бері 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтеріп, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты», – деді облыс әкімі.

Жиында Жұлдыз Досбергенқызы, Наурызбай Сейтқалиұлы, Мұрат Абду­л­а­митұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыс про­курорының орынбасары Нұрболат Серік­ұлы, ата-аналар коми­те­тінің мү­шесі, айтыскер ақын, облыстық мәслихат депутаты Мұхтар Мәуленұлы ой-пікірлерін бөлісті.

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»

Мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді. Аймақ басшысы мектепішілік және полиция органдарының есебіндегі оқушыларды үйірмелерге тарту, олардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруды тапсырды. Ерекше бақылауды қажет ететін, түрлі санаттағы отбасылардан шыққан балаларды шығармашылық және спорттық секцияларға қатыстыру жұмысын жалғастыру керек.

Жасөспірімдер мен жастар ара­сындағы құқықбұзушылықтың, кибер­буллингтің және заңсыз ойынның алдын алуды күшейту қажет. Учаскелік поли­ция инспекторларына есепте тұрған жасөспірімдерді қатаң бақылауда ұстау жүктелді.

Вейп өнімдерін пайдалануға және сатуға толық тыйым салу өте маңызды. Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу үшін мектептердегі келеңсіз жағдайлар­ға дер кезінде назар аударып, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға уақытылы мән беру қажеттігі атап өтілді.