Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі

89

0

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Үкіметтік комиссия штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Премьер-министрдің орынбасары Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің есептерін тыңдады.

Төтенше жағдайды реттеу үшін Қазақстан Үкіметі барлық қажетті шараларды қабылдайды. Вице-премьер құтқару жұмыстарын жалғастыру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша тапсырма берді.

— Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Маңғыстау облысына келген қайтыс болған шетелдік азаматтардың жақындарына да қажетті көмек беріледі, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтаудағы әуе апатынан мерт болған қазақстандықтар анықталғанын жаздық.

Сонымен қатар, апатқа ұшыраған AZAL ұшағы екі ай бұрын техникалық тексеруден өткені айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<