«100 кітап» жобасы аясында қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Кеңес Одағының батыры «Халық қаһарманы», жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша ,«Ұшқан ұя ұлағаты» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
Конференция мақсаты, Ұлы даланың алып ұлы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін оқыта отырып, шығармада суреттелген салт-дәстүр, тарихи-мәдени құндалығымызды насихаттау. Көпшілік оқырмандарымыздың қазақ даласына, Отанға деген құрметін арттыру, аталар ерлігін мақтан тұтуға өнегелі істерін жалғастыруға баулу, ұлтжандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Шығармада жазушы ауылдың қарапайым, аңғал, момын адамдарын көрсетіп, кейіпкерлерін қайырымды, әдет-ғұрыптарды қадірлеп қастерлеушілер ретінде бейнелейді.
Конференцияға кітапхананың тұрақты оқырмандары Өмірбек Күлімбетов, Садуақас Құтеке, Қазихан Ильясов, Күләш Бейсенова,Қазалы агро-техникалық колдеж оқытушысы Жәния Ысмағұл,кітапханашы Алтынгүл Сансызбай, №16 М.Горький атындағы мектеп-лицейінің мұғалімдері Қырмызы Еркебалаева,Гүлбарам Жауғашарова, №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің мұғалімдері Гүлнар Аметова, Майра Разақова және колледж студенттерімен мектеп оқушылары қатысып, «шығармада әр оқиға – тәрбиенің үлгісі, әр кейіпкер – ұлттық мінездің айнасы.Автордың шынайы баяндауы арқылы қазақ даласының иісі, оның салт-дәстүрі, тағылымы көз алдымызға келеді.Шығарма арқылы оқырман қазақ ауылындағы әже тәрбиесінің, отбасы мен ұрпақ сабақтастығының маңызын сезінеді», деп қорытынды жасады.
Шара барысында «Азамат. Қаламгер. Қаһарман» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ұшқан ұя ұлағаты» атты презентация дайындалып, оқырмандар назарына ұсынылады.
Ұйымдастырушылар барлық қонақтар мен қатысушыларға алғыс білдіріп, конференцияға белсене қатысқандарға кітаптың қадір қасиетін танытқаны үшін Алғыс хаттармен марапаттады.
Ж.Ерімбетова,
кітапханашы





