Ұстаздар құттықтады

549

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде кешкі мектепте білім беретін ұстаздар жазасын өтеп жатқан азаматтарды наурыз мерекесімен құттықтады.

Қазіргі таңда кешкі мектепте 32 сотты болған азамат білім алуда. Бұл азаматтарға Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдері оқытады. Оқуға қабылданған азаматтардың  ішінде өзге ұлт өкілінен төрт сотталған азамат бар. Білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес білім беретін ұстаздар оқушыларын келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтап, сотты болғандардың өз деңгейінде білім алуларына жағдай жасағаны үшін мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлын алғыс хатпен марапаттады.

– Кешкі мектептің ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде ашылғанына он жылға таяу уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз сотталған азаматтармен тығыз байланысып, еркіндікте жүрген оқушылармен тең дәрежеде қараймыз. Наурыз мерекесі – қазақ елі үшін жаңа жыл басы. Бостандығынан айырылған азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлап, осындай керемет мерекеде сый тартуды жөн көрдік, – деді сотталғандарға білім беруші мұғалім Гүлмира Күнтуарова

– Көктемді асыға күттіретін наурыз мерекесі қарсаңында ұстаздарымыздың ұйымдастырған бұл шарасы бізді қуантты. Наурыз мерекесі, наурыз көже дәмі, ұлттық ойындар осы мерекенің жарқын көрінісі екені сөзсіз. Бас бостандығынан айырылып, темір ордың ар жағында отсақ та, назардан тыс қалдырмай, біз үшін арнайы уақыт бөлген ұстаздарыма ағысымды білдіремін, – деді сотты болған азамат.

Шара соңында ұстаздар оқушыларымен естелік суретке түсіп, ізгі тілектерін білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<