Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағыммен жүгінген

147

0

Фото: ашық дереккөз

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Түркісіб аудандық сотына мерзімінен бостандыққа шығару туралы шағым түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шерниязов пен Төребаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 жылға сотталған еді. Олар бұл күнге дейін жазаның үштен бірін өтеген. Журналист Михаил Козачковтың дерегіне сәйкес осы себепті олар қалған мерзімін айыппұлға ауыстыруды сұрап отыр. 

Заңға сәйкес сот шағымды қабылдауы үшін жазасын өтеген орыннан сотталушыға оң мінездеме беріліп, спорттық және тәрбие шараларына қатысуы керек. 

Төребаев пен Шерниязовтың тәртібі бірінші оң дәрежеде деп бағаланған. Одан бөлек сотталушылар уақытынан бұрын бостандыққа шығуы үшін сот белгілеген шығынды өтеуге міндетті. Сондықтан вайнерлер Mudarabah Capital-дан келген шығынның бір бөлігін өтесе, бостандыққа шығуға құқылы. Шағым келесі аптада қаралады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<