Ведомствоаралық жұмыс тобына қоғам белсенділері тартылды

913

0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобына қоғам белсенділері тартылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі топтың құрамына енгізілген жаңа мүшелерді жұмыс тобының отырысында департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев таныстырды.

Топ құрамына «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әбибуллаева Аида Ибрагимқызы және «Бітім медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің жаттықтырушы-медиаторы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Қызылорда облысы бойынша Арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Бақтыбаева Ләззат Шайзадақызы енгізілді.

Жұмыс тобының төрағасы, Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев «Мемлекет басшысының«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттігін атап өткен болатын. Осыған орай, мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы қоғам белсенділерімен толықтырылды», – деді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында топ құрамымен қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтердің сапасы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, мүгедектерге, қызмет алушыға жағдайлар жасау және т.б. бақылау жұмыстары жүргізіледі. Қызмет беруші мекемелер тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамалар талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, аталған мәселе тиісті шаралар қабылдау үшін Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралады.

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<