Вьетнамда су тасқынынан қаза тапқандар саны 28-ге жетті

113

0

Фото: Report.az

Вьетнамның орталығындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 28-ге жетті, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Report.az.

Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, Report агенттігінің хабарлауынша, тағы 43 адам жарақат алған.

Хатинь, Куангнгай және Лам Донг провинциялары су тасқынынан ең көп зардап шекті.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, апат кезінде 133 000-нан астам үй су астында қалған, оның 22 000-нан астамы әлі су астында. Су тасқынынан 22 000-нан астам мал мен құс та қырылған. 245 000 тұтынушы электр қуатынсыз қалды.

Еске сала кетейік, Вьетнамда су тасқыны мен көшкін салдарынан 10 адам қаза тапқаны жайлы жазған едік.