Вице-министр Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

227

0

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызын 2 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады», – деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, мұның алдында Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын. Алайда шенеунік не үшін күдікке ілінгенін әзірге айтылған жоқ.
Эльмира Суханбердиева 1971 жылы 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<