Владимир Божко әскери салада қыздардың санын арттыруды ұсынды

285

0

Владимир Божко әскери салада қыздардың санын арттыруды ұсынды Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко әскери салада қыздар мен әйелдердің санын арттыру керектігін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қарулы Күштер саласында ғылымның рөлі артып келеді. Көбінесе мектептер мен жоғары оқу орындарында қыз балалар алтын медальмен тәмамдайды. Менің ойымша, осы зияткерлік құрамды бұл әскери салаға тартуға тырысу керек. Ресейде десант қыздар құрамы пайда болды. Бұл өте ауыр мамандық.  Әрине, бізде нәзік жандарға қатысты өзіндік ерекшеленетін моральдық-этикалық қатынастар бар, яғни біз қыздарымызды үнемі қорғап келеміз. Дегенмен де барша әлемдегі секілді бізге осы бағытта алға ілгерілеу керек», – деді В. Божко әскери білім беруді дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында. Өз кезегінде, ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бұл тақырып бойынша тиісті қадамдар іске асырылып жатқанын атап өтті. Кейбір бағыттарда командир лауазымына әйелдерді іріктеу туралы бұйрық берілген. Бұл тұрғыда нәзік жандардың жоғары білімі мен 7-8 жылдық еңбек өтілі болуы тиіс. «Бізде бұған дейін осындай тәжірибе болған еді. Тәрбие жұмысы бойынша командир орынбасары қызметіне әйелдерді тағайындаған болатынбыз. Бұл ретте, тиісті нәтиже де болды, яғни сарбаздардың, офицерлердің, сержанттардың тазалығына, ұқыптылығына оң әсер етті. Сондықтан осы оңтайлы тәжірибені қазіргі кезде қалпына келтіргіміз келеді», – деді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<