Волейбол: Қызылорда облысының құрама командасы үздік үштікті түйіндеді

7

0

Фото: Сыр спорты

20-27 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында волейболдан 2007-2008 жылы туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының дәстүрлі көктемгі чемпионаты өтті.

Доп додасының жалпы нәтижесі бойынша Қызылорда облысының құрама командасы жүлделі ІІІ орынға ие болып, үздік үштікті түйіндеді.

І орын – Шымкент қаласы, ІІ орын – Орал қаласы, ІІІ орын – Қызылорда облысы.

Жаттықтырушылар: Волейболдан жасөспірімдер арасындағы облыстың аға жаттықтырушысы Ғазиз Тұлғабаев және Батыр Бабаев, Өтепберген Әбдіраманов, Қуаныш Рахат, Айбек Сейпуов, Нұрсұлтан Байжан, Нұрғали Аруын.

Қызылорда облысының құрама командасын жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы