Волейболдан ардагерлер арасындағы турнир

199

0

«Мұз айдыны» СК-де волейболдан ардагерлер арасында «Қорқыт баба» кубогына арналған халықаралық турнир өтуде.
Биыл облыста алғашқы мəрте ұйымдастырылған турнирге Ресей, Өзбекстан елдерінен, Алматы, Шымкент, Байқоңыр қалаларынан жəне Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарынан 7 команда, 55 жастан жоғары 100-ге жуық ардагер қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылуына облыс əкімі Қуанышбек Ысқақов, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының қызметін атқарған генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев қатысып, қатысушы командаларға сəттілік тіледі.
Сондай-ақ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов турнирдің құрметті қонағы болды.
Халықаралық турнир ертең, 29 қыркүйек күні аяқталады.
Ертең сағат 9.30-да жарыс басталады. 11.30-да финалдық ойындар өтеді. 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<