6 қыркүйек күні Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде волейболдан 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталады. Биыл жиырмасыншы мәрте өтетін турнир ауданның 90 жылдығы аясында ұйымдастырылуда.
Турнирге Астана, Байқоңыр, Шымкент қалаларынан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қызылорда облыстарынанжәне Өзбекстаннан 20 команда 300–ден асаспортшы бақ сынасады. Жарыс ережесіне сәйкес командалар төрт топқа бөлініп ойнайды.
6 қыркүйек күні сағат 10.00-де жарыстың салтанатты ашылуы өткізілсе, 10.30-да жарыс басталады. Доданың ақтық ойындары сенбі күні өтеді.
Жеңімпаз, жүлдегер командалар грамота, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<