Волейболдан спорт басқармасы кубогының жеңімпаз командалар марапатталды

231

0

Кеше басқарманың алқа мəжілісінде жеңіске жеткен командаларды басқарма басшысы Олжас Азатұлы марапаттады.
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай волейболдан спорт саласы қызметкерлері арасында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының кубогы өткізілген болатын.
Нәтижесінде 1-орынды Арал, 2-орынды Сырдария ауданының құрама командалары, 3-орынды спорт басқармасы иеленді.
«ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАР» – Әбдіғаппар Әшімов (Жаңақорған), Ғабит Махатаев («Намыс» командасы), Алексей Ильин («Ұлан» командасы) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, қаржылай сыйақы табысталды.
Биылғы жылы бірінші мәрте волейболдан жарыс өткізілсе, келесі жылы футболдан ұйымдастырылатынын басқарма басшысы айтып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<