Вookсrossing: сырбойылық зияткерлер ауыл мектебіне 200-ге жуық кітап сыйлады

514

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп ұжымы өңірдегі Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының №41 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектеп кітапханасын жаңа кітап қорымен толықтырды. Сонымен қатар, «Номад» пен «Әйтеке би» шаңырақтарының  ата-аналары атынан ауыл мектебіне принтер үйлестірді.

Дәстүрлі Вookсrossing  акциясына 7-12 сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп қауымы қатысып, әлемдік бестселлер мен қазақ әдебиетінің танымды шығармалар топтамасын жинақтады.

«BookCrossing – кітап алмасуға арналған халықаралық қоғамдық акция. Оның миссиясы – том-том кітаптарды жинақтап, тарату және кітап оқуға баулу», – дейді NIS-тің педагог-кітапханашысы Гүлмариям Түбекбаева.

Вookсrossing: сырбойылық зияткерлер ауыл мектебіне 200-ге жуық кітап сыйлады

«Вookсrossing» желілік әлеуметтік акциясы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісінде 2010 жылдан бастау алған. Бүгінге дейін өңірдегі мектеп ұжымы ауылдық кітапхана қорын 2300-ге жуық әдебиетпен толықтырды.

Бұл жолы да мектеп қауымдастығы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем шығармалар мен танымдық энциклопедияларды сыйға тартып, жас өрендердің сүйікті кітаптарына айналатынына сенім білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<