KEGOK акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов уақыт белдеуін бірыңғай жүйеге ауыстыру электр тапшылығына қалай әсер ететінін айтты.
«Наурызда елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілмекші. Бұл энергетикалық жүйеге қалай әсер етеді. Тапшылық азая ма, көбейе ме?» – деп сұрады журналист брифингіде.
Нәби Айтжанов бұл өзгерістің энергетикалық жүйеге әсері болатынын растады.
«Шын мәнінде ол соншалықты әсер етпейді. Иә, электр қуатын тұтыну көлемі кішігірім мөлшерде ұлғаяды. Өйткені «час-пик» кезеңге қосымша сағат қосылады. Дұрысы, электр қуатын белсенді тұтынатын кезең қосымша бір сағатқа ұзарады. Біздің жүйе оған дайын. «Час-пик» кезеңінде электр қуатын тұтыну кішігірім мөлшерде көбейеді», – деді KEGOK басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<