Уақыт. Өзгеріс. Жаңару

5

0

Фото: автордан

Жаңа Конституция жобасына қатысты жалпы­ха­лықтық референдумға ел аза­маттарының белсе­не қатысуы келешекке деген сенімін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. Оны Қа­зақ­стан үшін жаңа тарихи белес ретінде бағалап, тәуелсіз еліміздің жаңа бас­тауы деп қараймыз.

Айта кетсек, еліміздің басты құжатында адам құ­қығы мен бостандығы мүлтіксіз сақталатыны жа­зылған. Сондай-ақ мәде­­ниет, білім, ғылым, инно­ва­­цияны дамыту қоғам да­муы­ның негізгі құндылығы ре­тінде белгі­ленген. Бұл жаңа Конституция жобасының тек қана құқықтық құжат емес, сонымен бірге ел­дің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындаған стра­тегиялық құнды­лықтар жүйесі екенін көрсетеді.

Мемлекет әрбір адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғап, жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар заң алдындағы теңдік қағидасы күшейтіліп, азаматтардың құқықтары бұ­зылған жағдайда оларды әділ қорғаудың тиімді тетіктері қарастырылған.

Конституциялық реформаның тағы бір маңызды бағыты – Конс­титуциялық Сот институтын күшейту. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәй­кес, Конституциялық Сот мемлекеттік органдармен қатар азамат­тардың да өті­ніштерін қарай алады. Егер қандай да бір нор­ма­тивтік құқықтық акт аза­мат­тың конституциялық құ­қықтарын бұзса, азамат ті­келей Конституциялық Сотқа жү­гіну мүмкіндігіне ие болады.

Бұл реформалар билік тармақтарының тең­гері­мін арттыру, қоғамдағы жаң­ғыру тала­бын қанағат­тан­дыру үшін және халық­аралық ахуалдың жылдам өзгеруіне жауап ретінде жасалып отыр.

Әр мемлекет өзінің институционалдық даму жолынан өтеді. Қазақстандағы өз­ге­рістер мемлекеттік институттардың тұрақ­тылығын нығайтуға, өкілеттіктерді қайта бөлуге және билік жүйесін теңгерімді етуге бағытталған. Бұл әлемдік саяси модернизация тәжірибесіне сәйкес келеді.

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ,

облыстық мәслихат депутаты