WhatsApp кей смартфондарда жұмыс істемейтін болды

65

0

1 қаңтардан бастап WhatsApp мессенжері Nokia S40 операциялық жүйесінде жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 2 ақпанынан бастап WhatsАpp тағы екі танымал операциялық жүйеде жұмыс істемейтін болады, олар – 2.3.7 нұсқадағы Android және iOS 7. Енді аталмыш операциялық жүйені қолданушылар жаңа аккаунт аша алмайды. Бұл телефондарда мессенджер де істемеуі ықтимал, себебі WhatsАpp аталған операциялық жүйелер үшін бағдарлама жасауды доғаруды жоспарлап отыр. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз