WhatsApp өзгерді: топқа қосылуды енді өзіңіз шешесіз

279

0

WhatsApp топтар үшін құпия өлшемдерін өзгертіп, адам шақыру жүйесін жаңалады. Бұл өзгерістер туралы ақпарат компанияның блогында жарияланды.

Енді  адамды оның келісімінсіз чатқа қосуға болмайды. Қолданушылар белгілі бір топқа кіру туралы шешімді өздері қабылдайды.

Аталған қызметті іске қосу үшін WhatsApp параметрін ашып, «Аккаунт/Учетная запись» бөлімінің ішіндегі «Приватность/Конфиденциальность» бөлімшесіне өтіп, «Группы»  тетігін басу қажет. Сол жерден өзіңізге ыңғайлы топқа қосу тәртібін таңдауға болады: сізді барлық қолданушылар немесе тек телефоныңызда сақталған нөмірлер ғана чатқа қоса алады.

Топқа шақырту келген кезде, қолданушы 3 күн ішінде оны қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдай алады. Бұл мерзім өткен соң шақырту күшін жояды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<