Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Turanium» ЖШС-нің ұжымымен кездесті. Жиынға Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева қатысып, «Turanium» ЖШС-нің ұжымына алғысын білдірді.
Кездесудің мақсаты – университет пен өндірістік кәсіпорын арасындағы байланысты арттыру, білім алушылардың тәжірибеден өту, жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту және ғылым мен өндірісті интеграциялау бағытында өзара әріптестікті дамыту.
Шарада «Turanium» ЖШС-нің бас директоры Бағдат Айдүйсеновке «Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль», Өндірістік қауіпсіздік басқармасының басшысы Мырзабек Шоқұтбаев пен бас менеджер Шолпан Кәрібаеваға университеттің Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар, бас менеджерлер Динара Шатаева мен Назгум Суфьянова университеттің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетсек, «Turanium» ЖШС тапсырысы негізінде «Уран кен орындарында өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық жағдайын бағалау» шаруашылық келісім, «ҚЫЗЫЛҚҰМ» ЖШС тапсырысы негізінде: «Уран кен орындарында ластанған топырақтарды құрылыс жұмыстарына пайдалану үшін арнайы тазарту құрылғысын әзірлеу», «ХОРАСАН-U» ЖШС тапсырысы негізінде: «Ультрадыбыстық датчиктерді қолдана отырып, металды залалсыздандыруға арналған ваннаны жобалау» жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.
Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына жол ашу, білім беру аясында жаңа мүмкіндіктерді қарастыру жөнінде келісімдер жасалды.






