Астанада өтетін «World of Trade 2018» Халықаралық жиында 2018-2019 жылдары іске асырылатын 500-ден астам келісім-шартқа қол қойылады деп көзделген. Бұл шараға ТМД және ЕАЭО елдерінің тауар өндірушілері мен ең ірі сауда желілерінің өкілдері қатысады.
28 – 29 маусым аралығында, Астанада, жеткізп берушілердің және саудагерлердің басын қосатын халықаралық жиын өтеді. Шараға қатысуға мыңнан астам компаниялардың топ-менеджерлері және 2 000 аса сауда желілерінің басшылары ниет білдірді. «World of Trade 2018» алаңы саудагерлер мен жеткізіп берушілер келіссөз жүргізетін халықаралық орталыққа айналмақ. Жаңа форматтағы іс-шара Қазақстан елордасы 20 жылдығының қарсаңында ұйымдастырылып, халықаралық сауданың қыза түсуіне сеп болады. Жиында ұйымдастырушы – «EXIM Partners» компаниясы, Астана әкімдігі ресми түрде қолдау білдірген. Шараға Елорда әкімі Әсет Исекешев қатысады деп күтілуде.
Астанаға 8 мемлекеттің: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Украина, Арменияның сауда желілерінен өкілдер жиналады. Халықаралық жиын ТМД және ЕАЭО елдернен келген 100-ден аса сауда желісінің өкілдері мен 2000 жеткізіп берушілердің басын қосады. Шараға қатысушылар 6 000 екіжақты кездесулер жүргізіп, 500-ден астам келісім-шартқа қол қояды деп жоспарланған. 2018-2019 маркетинг маусымын қамтитын саудагерлр мен жеткізіп берушілердің үлкен келіссөз компаниясы екі кезеңмен халықаралық орталықта өткізіледі. Жеткізіліп берілетін өнім үлгілері «World of Trade 2018» алаңында арнайы тұрғызылған гипермаркет іспеттес нысанда ұсынылмақ. Жиынға қатысушылар бөлшек сауданың болашағы мен жаңа трендтер туралы пікір алмасып, өнімді шетелдерге экспорттау жолдары жайында дәріс алады. Шараның іскерлік бағдарламасында үш ірі конгресс бар: Еуразиялық сауда, Ритейл тәжірибесі, Қазақстандық экспорттаушы күні. Сонымен қатар жиын аясында ритейлерлер шеруі мен жыл сайынғы «Мисс ритейл Қазақстан – 2018» салалық байқауы өткізіледі.
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<