1 сәуірден – 31 мамыр аралығында «Уылдырық-2025» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қала аумағында көктемгі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезінде «Уылдырық»жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабына сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ балық аулау қағидаларын бұзу дерегі бойынша – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынатындығын ескертеміз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<