«Құқық қорғау қызметтері орталығы» ғимаратында қалыптасқан дәстүрге сейкес облыс прокуроры Х.Дәуешов, облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Қ.Мұхитов, қала әкімі Н.Нәлібаев және мемлекеттік кірістер департаменті, Әділет департаменті басшылары, медиатор, адвокаттар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мамандарының қатысуымен қала тұрғындарына қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Қала әкімі Н.Нәлібаев 70-тен астам қала тұрғындарын қабылдап, көтерілген әр мәселе бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмаларын берді. Қала әкімінің қабылдауында болған тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтар мен мәселелердің шешімін тауып жатқандығына және қабылданып жатқан жедел шараларға ризашылығын білдіруде.
«Құқық қорғау қызметтері орталығында» ұйымдастырылатын қабылдаудың ерекшелігі, тұрғындар қажетті саланың басшыларына электронды кезек жүйесімен «бір терезе» қағидасы бойынша кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш «Құқық қорғау қызметтері орталығы» 2017 жылғы 24 тамыз күні ашылып, сол кезден бастап қала тұрғындарына тұрақты түрде, күнделікті қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, әр айдың соңғы бейсенбісі күні сағат 11:00-12:00 аралығында облыс прокуроры, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшылары және қала әкімі жеке қабылдау өткізіп келеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<