
Ол АҚШ-тың Техас штатындағы Аmerican Bank Center ойын-сауық орталығында америкалық Селена Барриоспен (3-0, 1 КО) күш сынасты. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына шешілді. Ойын төртінші раундта Аида Сатыбалдинованың нокаут алуымен аяқталды.
Бұл «Спарта Ледидің» карьерасындағы алғашақы жеңіліс. Осы жекпе-жек алдында Сатыбалдинова карьерасындағы ең маңызды сәт екенін және осы жекпе-жекке дайын екенін айтқан болатын. Бұл кездесу Аиданың айтуынша оның бокста жаңа деңгейге шығуына көмектеседі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<