\»Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн\»

443

0

Қызылордалық ерікті жастар «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» ұранымен «Aray City Mall» сауда кешенінде флэшмоб ұйымдастырды.

Шараға мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық қатысып, ҮЕҰ өкілдерінен жұмыс топтары  құрылды. Адам көп жүретін жерлерде акция туралы ақпарат бар плакаттар ілініп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда.

Жалпы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы 2019 жылдың 10 айында облыс көлемінде әйелдерге қатысты 69 қылмыстық (өткен жылы – 93) әрекет тіркелген. Дегенмен, ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 процентін құрады.

Қылмыстардың негізгі себептері – ұрыс-керіс, қызғаныш, маскүнемдік, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.

Полиция қызметкерлері күн сайын түрлі тағдырмен бетпе-бет келеді. Бүгінгі күні біздің басты мақсатымыз – ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<