Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік шара өтті

643

0

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік шара өтті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында ҚАЖ ардагерлері, департамент басшылығы және жеке құрамның қатысуымен  Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шара  ҚР Әнұранымен ашылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың  құттықтау жеделхаты оқылды. 

  Департамент бастығының орынбасары Талғат Тұрсынбаев мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық, мол бақыт тіледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті бастығының марапаттау туралы бұйрығы оқылып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, міндеттерін адал атқарған  Қызылорда қалалық Пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Арман Төтебаев  ҚР Ішкі істер министрінің «Қылмыстық- атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталса,  Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел өкілі әділет майоры Шыңғыс  Мәмбетияров  Құрмет Грамотасымен марапатталды. ЗК-169/4 мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы  әділет капитаны Абдолла Уайдаев ҚР ІІМ-нің ҚАЖ комитетінің «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» медалімен наградталды. Департамент бастығының бұйрығымен мереке қарсаңында мерзімінен бұрын  қызметкерлерден тәртіптік жазасы алынып тасталды.

Шара барысында Қызылорда облысы бойынша  Қылмыстық-атқару жүйесінің  Ардагерлер Кеңесінің төрағасы  Серікбай Жамуров айтулы мерекемен құттықтап, еліңе, халқыңа адал қызмет ете беріңдер деп жылы лебізін білдірді.

Қызылорда облысы бойынша 

Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<