«Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан»

314

0

Фото: Жаңақорған аудандық партия филиалы

Кеше аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан» атты кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты — елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері арасындағы достықты нығайту, татулық пен бірлікті насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Кездесу барысында өзге ұлт өкілдері өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстырып, қазақ халқымен тығыз байланыста бейбіт өмір сүріп келе жатқанын атап өтті. Қатысушылар отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие, балалар тәрбиесі, өзара сыйластық туралы ой бөлісті. Іс-шара достық пен өзара түсіністік атмосферасында өтті.

Аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы бірқатар аудан тұрғындарын Алғыс хатпен марапаттады.

Бұл кездесу — Қазақстан халқының бірлігін, татулығын паш етіп, жас ұрпаққа үлгі боларлық мәні бар маңызды шаралардың бірі болды.

Жаңақорған аудандық партия филиалы