Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

1269

0

Фото: ашық дереккөз

31 қаңтар күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда қаласындағы академик Байзақ Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – дуалдық оқытудың элементтерін ендіру, оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын күшейту, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту, сонымен бірге ғылыми-зерттеулер жүргізу, оқу-әдістемелік құралдар дайындау, авторлық бағдарламалар жазуға бағыт беру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру.

Меморандум аясында институт директоры Бауыржан Елеусінов пен мен IT мектеп-лицей директоры Эльмира Азатбаева арнайы құжатқа қол қойды. Мектеп-лицей педагогтеріне оқу-әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісім жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер қаралды.

Кездесу барысында мектеп-лицеймен әріптестікті орнату және нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Алдағы уақытта білікті мамандардың басшылығымен мектеп педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын семинар, біліктілік арттыру курстары өткізілетін болады.

Академик Байзақ Момынбаев атындағы білім ордасына өз әріптестеріміздің қатарына қош келіпсіз дейміз! Ұзақ және табысты, бірлескен жұмыстар атқарамыз деп сенеміз!

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу Қызылорда облысы бойынша филиалының PR, SMM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<