Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келген өзге де мемлекеттер басшыларымен бірге Эрмитажды аралап көрді. Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді.
Президенттер Александр, XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады. Әсіресе, «Алтын көмбе» бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды. Меймандар бай қоры арқылы дүние жүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады. Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кеше сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.





