Белгілі блогер Ырысбала армиясы 97-ші үйдің кілтін қызылордалық отбасыға табыстады. Бұл туралы өзі инстаграм әлеуметтік желідегі irisbala__ikrambai_official парақшасында 4 бөлмелі үйді таныстырып шықты.
– Қайырлы күн Ырысты армия! Жеке мүддем үшін ешкімнің мазасын алу, тілге тиек етіп сөз етуге хақым жоқ мендегі уайым 8 баланың тағдыры және соның ішінде қиындау келетін қыздардың тағдыры. Әкесі мен анасын алған екен Алла сынаққа тек көнеді, енді тағдырдан сол тағдыр жолында кездесетін адамдардан теперіш көрмесінші. Айналайын сөз қадірін түсінетін Сыр елі бұл балалар сіздерге Алладан аманат, жетім көрсең жебей жүр дейді қазақ. Сәл ғана демеп жіберсек ертең-ақ аяққа тұрып көшке ілесіп кетеді. Балаларға бақ болған баспана болсын! Жақсыны көрмекке, – деді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<