«Ырысым – қара жұмыста»: Қызылордалық келіншек көлік жөндеп көпке танылып отыр

105

0

Сурет: Бейнеден кадр

Қызылордалық келіншек көлік жөндеп көпке танылып отыр, деп хабарлайды Syrboyi.kz Qaz365.kz сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Қызылорда Қазақстан арнасының «Еңбек адамы» бағдарламасында айтылған.

«Жолда жүрген алдамдар, жолаушылар аман-есен жүрсе, барар жеріне еш бұзылмай жетіп алса деп уайымдап отырамын. Ауыр әрі қиын жұмыс қой енді бұл. Ауыр-ауыр дөңгелектерді көтеріп саламын. Мұздай темірлерді ұстап, суықта көлік жөндеп тұрамын. Ырысым – осы қара жұмыста», – дейді Нұржамал Омарова.

Ерлермен теңдей жүріп ел алғысын алған келіншек бұл жұмысынан ләззат алатынын, қиын болса да ебін таба алғанын айтып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<