Қырғызстан Үкіметі отставкаға кетті

298

0

Қырғызстан Үкіметі отставкаға кетті Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков «Қырғыз Республикасы үкіметінің отставкасы туралы» жарлыққа қол қойды.

Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеші ҚР үкіметіне сенімсіздік білдіргені үшін ҚР Конституциясының 85-бабының 6-бөлігін, “ҚР Үкіметі туралы” ҚР Конституциялық заңының 13-бабының 1-бөлігінің 5-пунктін басшылыққа ала отырып ҚР үкіметін отставкаға жіберді”, – делінген Қырғызстан Республикасы президентінің сайтында.

Жарлық бойынша, премьер-министр, вице-премьер-министрлері, үкімет мүшелері қызметіндегі тұлғалар ел үкіметінің жаңа құрамы құрылғанша ҚР үкіметінің мүшесі міндеттерін орындауын жалғастырады. Президенттің жарлығы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан парламентінің Сапар Исаковтың үкіметіне сенімсіздік білдіргені хабарланған. Дауыс беру қорытындысы бойынша министрлер кабинетін отставкаға жіберуді 101 депутат қолдап, бесеуі қарсы болған.

Дереккөз:  TENGRINEWS.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<