Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Әлімжан Сабыржанұлы,
«Qazaqstan» ұлттық арнасының редакторы:
– Қырымбек Елеуұлы, екі күн бұрын Елбасы Жарлығымен Сіздің өкілетті мерзіміңіз 2021 жылға дейін ұзартылды. Мұны Сіз сияқты мемлекетшіл, ұлтжанды, елжанды қайраткерге көрсетілген сенім деп білеміз. Бұл – біздің ғана емес, қазақ зиялыларының пікірі. Осыдан біраз уақыт бұрын облыс орталықтарының ішінде Қызылорда қаласы ыстық сусыз бірден-бір қала екенін айтып едіңіз. Осы мәселе шешілді ме?
Жауап:
– Қызылорда қаласы өте жақсы қарқынмен дамып келеді. Соңғы 5 жылда құрылыс көлемі облыста 3,5 есеге, ал облыс орталығында 8 есеге өсті. Қалада 14 шағын аудан салынды. Бұл – Астанадан кейінгі үздік көрсеткіш. Бұрын жылына 240 шаршы метр тұрғын үй салынса, қазір 620 шаршы метр тұрғын үй салудамыз. Инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған 24 мың жер учаскесі жеке тұрғын үй салуға берілді. Жыл басынан бері 4 айда құрылыс, инвестиция көлемі өскенін ескерсек, онда құрылыс нысандарының үлесі басым.
Ауызсу Қызылорда қаласының ең өзекті проблемасы еді. Дарияның аяғында орналасқандықтан, су сапасы өте төмен. Сондықтан «Қызылжарма» кенішінен 98 ұңғыма қазылып, су сапасы ең жоғары деңгейге жетті. Ыстық суға келсек, жоба жасалды, инвестор жылу орталығын модернизациялауға кірісті. Оған қоса ыстық су мен жылу мәселесін толығымен шешу үшін жаңа жылу орталығы салынбақ. Қаражаты шешілген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<