Қазір Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, облыс әкімінің үйлестіруімен тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстарының бірінші кезеңіне Үкімет резервінен 11 млрд. теңге бөлінген болатын.
Бұған дейін Сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлер ыстық суға қосылса, бүгінде бұл жұмыстар Астана мөлтек ауданында жалғасуда. Қазір осы мөлтек аудандағы 550 пәтер ыстық суға қосылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<